Ақмола облысы білім басқармасының                    Аршалы ауданы бойынша білім                                бөлімнің жанындағы Аршалы кентінің      «Солнышко» бөбекжайы мемлекеттік                   Коммуналдық қазыналық кәсіпорны        
 Государственное коммунальное казенное предприятие         «Ясли -  сад «Солнышко» поселка Аршалы при отделе образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области   

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Төрлет, төрлет Әз Наурыз!»

18.04.2024

«Солнышко» балабақшасы  «Балдырған» ересек  тобы.

      Наурыз жылдың бірінші күні, жыл басы, көктемнің алғашқы айы. Наурыз мерекесін қазақ халқы «Армысың, Əз Наурыз», «Əз болмай, мəз болмас» деп қарсы алған. Наурыз мейрамы бұл қыстан аман есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтылады.

Көктемнің әз мерекесі ұлыстың ұлы күні Наурыз келіп, күллі халық той тойлайды.

     Мерекені кеңінен тойлап,ұлттық тағамдарды балаларға насихаттау.

Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділіктерін және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

    Наурыз мейрамын атап өту барысында балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру,қазақ халқының тарихын және дәстүрлерін түсіндіру арқылы олардың еліне,жеріне  деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді.

   2023 жылдың 16 наурыз күні  «Солнышко» бөбекжайында «Балдырған» тобының тәрбиеленушілермен атап өттік. Ертеңгілікке ата-аналармен балабақша ұжымының қатысуымен өтті.

Мерекеде  әндер айтылып,ұлттық  ойындар  ойналып, қыздар ұлттық билер биледі. Ата-аналар дайындаған ұлттық тағамдарын , наурыз көжені қонақтарға балаларға ұсынды.

       Наурыз мейрамын атап өту барысында балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру,қазақ халқының тарихын және дәстүрлерін түсіндіру арқылы олардың еліне,жеріне  деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

 

 

                                                                                         Сагиденова Э.К.

                                                                                                                   

Просмотров: 263

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст